"Мектептен мешіт көп" деген сауалға Қырғыз президентінің қайтарған жауабы
"Мектептен мешіт көп" деген сауалға Қырғыз президентінің қайтарған жауабы
6 жыл бұрын 8075 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қырғызстан президенті Соронбай Жәнібеков ерінбеген бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазған, тіпті, бүгінгі күні тек қырғыз аумағында ғана емес, сонымен қатар, қазақ даласында да "сәнге" айналған, яғни, жиі қойылатын арандатушылық сарындағы сауалға жауап қайтарыпты. Ол Қырғызстанда мектепке қарағанда мешіттің көп екенін мойындай келе мұны жақсылыққа жорыды. "Мешіт неғұрлым көп болса, арлы адамдар соғұрлым көбейеді. Медресе неғұрлым көп болса, ұяты бар жастар қарасы көп болады", - деді ол. Осылай дей келе ол ел аумағындағы әрбір діни мекемеге терроризм мен экстремизмнің таралуына жол берілмесі үшін мемлекеттік бақылау орнатылатынын жеткізді. Естеріңізге сала кетсек, қазіргі уақытта аталмыш елде мектеп жетіспейді - республикада 1 миллион 175 мың 780 бала бар мектеп жасындағы. Ел аумағындағы барлық мектептің сыйымдылығы 600 мың оқушыға ғана шақталған. Оқушылар, кей аймақтарда, төрт ауысыммен білім алуына тура келіп отыр. Бір сыныпта 55 балаға дейін дәріс алуда. 

0 пікір
Мұрағат