Мектеп қабырғасында Құран оқытылады
Мектеп қабырғасында Құран оқытылады
7 жыл бұрын 4300 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Экстремизмнің алдын алу мақсатында Мысырдың мектептерінде қасиетті Құран сабағы қайта өтетін болды. Ерте жастан дінді зерделеген оқушы ертең жалған ағымның жетегінде кетпейді. Бұл жайында пирамидалар еліндегі мешіттерге жауапты дін істері министрлігі мәлім етті әрі бұл игі іске өздері мұрындық болып отыр. Құран курсы 6 жастан 12 жасқа дейінгілерге арналған. Бұл жайында The Gulf News ақпарат көзі хабар таратты. Тек қасиетті Құран ғана емес, сонымен қатар, Пацғамбарымыздың өнегелі өмір салты да насихатталады. Айта кетейік, Мысыр билігі 213 жылдан бері мешіттерге бақылауды күшейткен еді. Билік басына қазіргі президенті Әбдіфаттах ас-Сиси келгелі. Қазіргі уақытта ел аумағындағы 2500-дей құран оқытатын медереселерді мемлекет қатаң қадағалап отыр. 

0 пікір
Мұрағат