Мектеп мен мешіт жанында темекі саудасына тыйым салынды
Мектеп мен мешіт жанында темекі саудасына тыйым салынды
2 ай бұрын 450 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото freepik.com

Саудия  билігі темекі өнімдерінің саудасына қатысты жаңа шектеу енгізді. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған араб елінің қалалық жерлер мен тұрғын үйлер министрлігі мешіттер мен мектептерден 500 метр аймақта темекі өнімдерін сатуға тыйым салатын ереже қабылдады. Бұл тыйым тек темекі өнімдерінің саудасына ғана емес, сонымен қатар, электронды шылымдар мен қорқорларға да қатысты қолданылады.  Сауд Арабиясында темекi өнiмдерiн сатушыларға онсыз да қатаң талаптар қойылады - оларға сауда жасауға лицензия алу үшiн коммерциялық тiркеуден өтуі тиіс, азаматтық қорғаныс комитетiнiң мақұлдауы қажет, муниципалдық лицензиялық рәсiмдер туралы заңды және оның атқару ережелерiн сақтау қажет. Бұдан бөлек, жасы 18-ге толмағандарға темекі өнімдерін сатуға қатаң тыйым салынған. Бұған қоса, оны сыйлық ретінде беруге, марапат ретінде беруге, т.б. тыйым салынған. Темекі өнімдерін сататын сауда орындарында шылымның зияны туралы ақпараттар мен белгілер қойылуы тиіс.

0 пікір
Мұрағат