Медбикелер өз-өзін жұмыспен қамтушылар ретінде жұмыс істей алады
Медбикелер өз-өзін жұмыспен қамтушылар ретінде жұмыс істей алады
3 жыл бұрын 1409 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өзбекстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі медбикелерге өз-өзін жұмыспен қамтушы ретінде жұмыс істеуіне рұқсат етті. Дәлірегі, аталған ел үкіметінің бұл тараптағы қаулысымен «Медбике ісі» қызметін өз-өзін жұмыспен қамтушы ретінде жүзеге асыру тәртібі туралы ереже бекітілді. Бұл жайында islam.kz порталы centralasia.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ереже талаптарына сәйкес өз-өзін жұмыспен қамтушы ретінде медбике ісімен орташа медициналық білімі бар (медбике ісі, емдеу шаралары, акушерлік) немесе мемлекеттік я болмаса мемлекеттік емес медицина мекемесінде жұмыс істемесе де жоғарғы медбикелік білім алған тұлғалар айналыса алады. Ол үшін медбике арнайы мобилді қосымша арқылы немесе салық төлеушінің жеке кабинетінде я болмаса мемлекеттік салық қызметіне келіп тіркеле алады. Медбике үшін анықтама ресімделеді, ол осы құжаттың негізінде денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық бағдарламасына тіркеліп, өз-өзін жұмыспен қамтыған медбике ретінде жұмысына кірісе алады. Десе де өз-өзін жұмыспен қамтушы ретінде тіркелген медбикеге залалсыздандыруды қажет ететін медициналық аспаптарды халыққа медициналық процедура кезінде қолдануына, сондай-ақ, дәрі-дәрмек қабылдау кезінде кері әсерін анықтау мақсатында пациенттің жағдайын бағалауына тыйым салынады. Ол өзінің қызметі үшін немесе медициналық көмек қажет кезінде қызмет көрсетпегені үшін дербес жауап береді. Өз-өзін жұмыспен қамтушы ретінде медбикелер 2022 ылдың қаңтар айының 1-нен бастап, денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінде тіркеле бастайды.

0 пікір
Мұрағат