Марокко қарасора өндірісін арттырады
Марокко қарасора өндірісін арттырады
3 ай бұрын 747 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Марокко королі Мұхаммед VI қарасораны заңсыз өсіріп, бас бостандығынан айырылған 4800 адамға рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды. Олар мұнымен заңды түрде айналысуы үшін. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The Middle East Eye ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Кешірім жасаудың мақсаты фермерлердің кірісін арттыру әрі өмір сүру жағдайын жақсарту үшін қарасораны заңды өсіруді ынталандыруға саяды», - деп мәлімдеді Anrac қарасора өнеркәсібін бақылайтын агенттік жетекшісі Мұхаммед әл-Геруж. Марокко әлемдегі ең ірі қарасора өндіретін ел. 2021 жылы аталған ел аумағында оны дәрілік және өндірістік мақсатта өсіруге рұқсат беретін заң қабылданды. Марокконың таулы аймақтарында 80-120 мың адам кендір немесе қарасора өсіреді. Дегенмен, есірткі ретінде оны өндіруге және экспорттауға тыйым салынған. Соған қарамастан Марокко Еуропаны марихуанамен жабдықтайтын негізгі ел. 2024 жылы қарасораны өсіруге 3 мыңнан астам адамға рұқсат берілді.

0 пікір
Мұрағат