Малайзияда жаңа король сайланды
Малайзияда жаңа король сайланды
6 жыл бұрын 2280

Тәуелсіз Малайзия тарихында он алтыншы король болып сұлтан Риайятуддин Әл-Мустафа Биллах Абдулла сайланды, - деп хабарлайды РИА Новости. Жаңа корольді сайлау шарасы бейсенбіде ел астанасы Куала-Лумпурда Малайзия билеушілер кеңесінің отырысында өтті. Бұл туралы "Бернама" агенттігі корольдік мөрді сақтаушының сөздеріне сілтеме жасап хабарлады. 

Малайзия королі конституция бойынша әр бес жыл сайын мұра болып қалыптасқан дәстүрге сай тоғыз сұлтан арасында тағайындалады. Олар елдегі тоғыз штатты билейді. Ұлыбритания колонизациясына дейін Малайзия тұтас мемлекет болмаған: әр малайлық сұлтанат өз корольдік отбасын басқарған. Ұлыбритания билеген уақытта сұлтандар өз статустары мен құзіретін жартылай иемденіп қалған. 

Малайзия тәуелсіздік алған уақытта елді басқару мәселесі бойынша ерекше жүйе қалыптасқан. Бес жыл сайын сұлтандар ауысып отырады. Он бесінші король Мухаммад V мемлекет басшысы қызметінде тек екі жыл ғана отырды. 6 қаңтарда ол кенеттен жалпыұлттық тәжден бас тартты, алайда Келантан штатында сұлтан болып қала береді.  2018 жылы Мухаммад V ресейлік Оксанаа Воеводинаға үйленген еді. 

Малайзияның жаңа королі сұлтан Абдулла - 59 жастағы спортшы әоі ұлттық спорт бағдарламасының демеушісі, Малайзия футбол федерациясының президенті және ФИФА басқару мүшесі. 

0 пікір
Мұрағат