Малайзия мұсылмандар туризмі бойынша көшбасшылығын сақтап қалды
Малайзия мұсылмандар туризмі бойынша көшбасшылығын сақтап қалды
7 ай бұрын 987 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Малайзия 2023 жылы 4,5 миллионнан астам шетелдегі мұсылман саяхатшыларын қабылдап, мұсылмандар үшін ең үздік туристік бағыт ретінде позициясын сақтап қалды, деп хабарлады елдің туризм, өнер және мәдениет министрлігі. Малайзия Mastercard-Crescentrating Global Muslim Travel Index рейтингісінде осымен тоғызыншы рет бірінші орынға қол жеткізіп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде TheSun.my ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сондай-ақ, оңтүстік-шығыс азиядағы аталған ел  мұсылмандарға арналған туризм мен қонақжайлылықты дамытудағы қарқынды күш-жігерінің нәтижесінде екінші жыл қатарынан «Halal in Travel Awards 2024» («Мұсылмандарға қолайлы жылдың ең жақсы жері») атанды. Бұл туралы Өзбекстандағы туризм министрлерінің 12-ші Ислам конференциясында сөйлеген сөзінде министрліктің бас хатшысы Датук Руслан Әбдірахман мәлімдеді. «Дүниежүзіндегі екі миллиард мұсылманды қамтитын мұсылман туристік нарығы туризм индустриясының жаңа және маңызды сегментін қалыптастыруда. Бұл Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИКҰ) мүше мемлекеттер үшін мұсылмандарға қолайлы өнімдер мен қызметтерге өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін стратегиялық тұрғыдан тиімді», - деп қортындылады ол сөзін.

0 пікір
Мұрағат