Малайзия міндетті өлім жазасын алып тастауды көздеп отыр
Малайзия міндетті өлім жазасын алып тастауды көздеп отыр
2 жыл бұрын 1057 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік-шығыс Азиядағы мұсылман елі міндетті өлім жазасын алып тастау қарастырылған заң жобасын қарастырады. Бұл жайында islam.kz порталы Star ақпарат кһзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Міндетті өлім жазасы – аталған мұсылман еліндегі қылмыстың 11 түріне, соның ішінде лаңкестік, есірткі саудасы, қаруды заңсыз сақтау, адам саудасы, т.б. қолданылатын ең ауыр жаза. «Міндетті өлім жазасын  алып тастау – 2012 жылдан бері ел үкіметі қарастырып келе жатқан бастама»,- деп мәлімдеді парламент мүшесі Азалы Отман Сайд.  Аталмыш заң жобасына сәйкес міндетті өлім жазасын 30 жылдан 40 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен және дүре соғумен ауыстырылуы мүмкін. Десе де ұзақ мерзімді қамтитын мұндай үкіммен келіспегендердің арыз-шағымы қаайта қарастырылуы мүмкін. Егер аталмыш заң жобасы қабылданып, билік тарапынан мақұлданса, өлім жазасын күтіп жатқан елдегі 1300-нан аса адам өздерінің ісін федералдық деңгейде қарауды талап ете алады.

0 пікір
Мұрағат