|
Ливия парламенті мүфтиятты таратты
|
World Bulletin ақпарат көзі хабарлағандай, Ливия парламенті пәтуа және шариғи үкім шығаратын жоғары ведомстваны таратуға дауыс берді. Бұған Ливияның бас мүфтиі Садық Герианидің елдің халық қалаулыларының заңсыз сайланғаны жайында айтқан сөзі мен депуттардың сауалына жауап беруден бас тартып, парламентке келмегені түрткі болды. Бас мүфти парламентті тарату турасында мәлімдеме жасағаны да отқа май құя түсті. Ел елеулісі Жәлел Шубайхиди тілшілерге берген сұхбатында 91 депутаттың 68-нің аталмыш ведомстваны таратуды жақтап дауыс бергенін жеткізді. Өткен аптада Ливияның конституциялық соты үстіміздегі жылдың маусым айының 25-і күні өткен парламент сайлауында конституция талаптарының бұзылуына жол берілгендігі жөнінде шешім шығарды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Циркадты ырғақты басқаруға көмектесетін тетік табылды
■
Түнгі үрейлі түстер қауіпті аурудың белгісі болуы мүмкін
■
Мәңгі химикаттарды жоюдың жолы табылды
■
Оңтүстіктен 1 млрд тонна мұнай мен газ қоры табылды. Миллиондаған тонна пайдалы қазба бар 29 кен орны табылды
■
Еуропалық ел халық санын он миллионнан асырмау жөнінде референдум өткізуі мүмкін