ЛГБТ өкілдерін азаматтықтан айырып, елден қуу туралы ұсынысты ЛГБТ өкілдері де қолдап отыр
ЛГБТ өкілдерін азаматтықтан айырып, елден қуу туралы ұсынысты ЛГБТ өкілдері де қолдап отыр
4 жыл бұрын 3118 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: rferl.org

Әлбетте, мұнымен мәселе шешіле салмасы анық, алайда, азғындықпен, зұлымдықпен қандай тәсілмен күрессе де артықтық етпейді. Ең бастысы – тиімді тәсілдің таңдау. Күні кеше Өзбекстанның "Миллий тикланиш" (Ұлттық жаңғыру) партиясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Әлішер Қадыров ел аумағындағы ЛГБТ қауымдастығының өкілдерін азаматтықтан айырып, елден қууды ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы Орта Азия жаңалықтар қызметіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Alter Ego-ның YouTube арнасына берген сұхбатында ол мұндай қадам, яғни, ЛГБТ қауымдастығы өкілдерін азаматтықтан айырып, елден қуу шарасының үлкен көмегі бар – өзге елден пана алуына көмектеседі. Яғни, ресми немесе заңды түрде олар қуғын-сүргін көрген тұлғаға жатқызылады, бұл жайт өз кезегінде өзге елдерден тезірек пана алуына ықпал етпек. «Мұны мен әлеуметтік желіге жазғанымда маған ЛГБТ қауымдастығының мүшелері болып табылатын ондаған адам хабарласты. Олардың айтуынша, бұл дұрыс, өйткені, біз елде виза ала аламаймыз»,- деп жазған. Осы орайда өзбек билігінен халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қылмыстық кодекстен бір жыныстылар қатынасына жаза қарастырылған бапты алып тастауды талап етіп келе жатқанын әрі өзбек билігінің бұл талапты елемей өз дәстүрін берік ұстанып келе жатқанын айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат