Ластанған ауадан жыл сайын 6 млн бала шала туады
Ластанған ауадан жыл сайын 6 млн бала шала туады
3 жыл бұрын 1658 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сан-Франциско қаласындағы Калифорния университетінің ғалымдары аса ауқымды 40 зерттеуге метаталдау жүргізіп көрген екен. Бұл жайында islam.kz порталы journals.plos.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Америкалық ғалымдар бұл тараптағы метаталдау нәтижесінде мынадай қорытындыға келіп отыр: ауа құрамындағы газ тәрізді улы заттар мен аэрозолдердің әрбір он нанограмы аяғы ауыр әйелдің айы-күні жетпей ерте босану қатерін 12%-ға арттырады, соған сәйкес дене салмағы өте төмен (11%) шараналардың өмірге келу ықтималдылығын да арттырады. Жыл сайын ауаның ластануынан әлем бойынша алты миллион бала шала туады, оның 2,8 млн-ы – дене салмағы өте төмен. Бұл тенденция негізінен Африка құрлығы мен Азияның оңтүстігінде орын алып отыр. Көбінесе ауаның ластануынан Үндістанда бала көп өледі – жылына 116-120 мың бала; одан кейінгі орында Нигерия тұр – жылына 67-70 мың бала; бұл тізімде Пәкістан үшінші орыннан көрінген – жылына 56-60 мың; төртінші орынға Эфиопия жайғасқан – жылына 22-24 мың; бұл тізімнің алғашқы бестігін Конго тұйықтаған – жылына 12-13 мың. Егер аталған аймақтардағы ауа сапасын жақсартар болса, бұл екі көрсеткішті де 80%-ға төмендетуге болады. Ал елімізде бұл көрсеткіш жылына – 142-145 болуы мүмкін; Өзбекстанда – жылына 110, Түркіменстанда – жылына 110-115. Бір ғана 2019 жылдың мәліметіне үңілсек, әлем бойынша ауаның ластануынан 476 мың бала алғашқы бір айында шетінеп кеткен.

Ұқсас материалдар: 

"Бүгінгі шараналардың ғұмыры қысқарады" (https://islam.kz/kk/news/alem/bugingi-sharanalardyn-gumyry-qysqarady-16517/#gsc.tab=0);

«Өткен жылы ауаның ластануынан 500 мыңдай бала көктей солды» (https://islam.kz/kk/news/alem/otken-jyly-auanyn-lastanuynan-500-myndai-bala-koktei-soldy-14313/#gsc.tab=0); 

0 пікір
Мұрағат