Лайк үшін темір тордың арғы жағынан бір-ақ шықты
|
Алжирде нәрестені, яғни, лайк жинау үшін саналы түрде туған баласының басын қатерге тіккен әке қылмыстық жауапкершілікке тартылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Әлеуметтік желіде танымалдыққа ие болу үшін ессіз қадамға барған әкенің бұл әрекетін, айыпты сотта өкініш білдіретінін айтса да ақтамады, дұрысы, ақтауға келмейтін әрекетін әлеуметтік желідегі достары полицияға хабарлап, өздері ұстап берген. Тіпті, қоғамның ашу-ызасын тудырды. Ер адам бір жастағы ұлын 15-ші қабаттағы пәтерінің терезесінен шығарып, таспаға тартып алған. Онысын әлеуметтік желіге жүктеп, астына "1000 лайк басасыңдар немесе баланы жібере саламын" деп коммент жазған. Сот отырысында ол өз әрекетін қалжыңмен бүркелемек болғанымен, бұл әрекеті нәтиже бермеді.