|
Күтімге кететін шығын кедейлікті арттырады
|
Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына мүше елдер арасында қарттар күтіміне шығыны ең көп ел - Оңтүстік Корея. Қарттар күтіміне байланысты егде жастағылар бойынша Таңғы шық елі ЭЫДҰ құрамында ең кедей ел саналады. Бұл жайында islam.kz порталы THE CHOSUNILBO ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өткен жылдың соңында жарияланған ЭЫДҰ есебіне сәйкес 65 және одан жоғары жастағы оңтүстік кореялықтардың 39,7% -ы кедейлікте өмір сүреді - ЭЫДҰ бойынша орташа көрсеткіштен 14,8% -ға қарағанда 2,7 есе көп. Корея 2009 жылдан бері 17 жыл қатарынан ЭЫДҰ елдері арасында қарттардың кедейшілік деңгейі бойынша бірінші орында келеді. Егде адамдардың табысын қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк зейнетақының жетiспеушiлiгi және жеке бiлiм беруге шектен тыс шығыстар қарттар арасындағы кедейлiктiң себептерiне айналған. Дәлірегі, 40-50 жастағы корейлер зейнетақысын қамдамай, өз балаларының біліміне айтарлықтай қаражат жұмсайды. Тегудегі қарттар ауруханасының директоры: «Корея халқының қартаю жылдамдығын ескерсек, қарттарды күтуге кететін шығындар көп ұзамай білім алуға кететін шығыстардан асып түсетін болады», деп мәлімдеді. Оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы аталған елдің денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің мәліметінше, Оңтүстік Кореяның 2022 жылғы күтім шығындары шамамен 10 триллион корей вон құрады. Бұл сол жылы елдің жеке білім беруге жұмсаған жалпы шығынының шамамен 40% -ын құрағанымен (26 триллион вон) алдағы уақытта қаттарға кететін шығын білім беруге жұмсалатаны шығыннан асып түсуі мүмкін. 2018 жылы 8 триллион вон бағаланған күтім шығындары небәрі төрт жылда 25% -ға өскен. Білім алуға жұмсалатын шығыстарға қарағанда күтімге жұмсалатын шығыстар ұлттық статистикада бірыңғай тармақ ретінде жіктелмейді, ал бұл жайт осындай шығысты сараптауды, талдауды қиындатады. Қазiргi уақытта күтiмге арналған шығыстар үй шаруашылықтарының «медициналық шығыстары» сияқты санаттар бойынша қарастырылады. Бұдан басқа, күтімнің ішкі экономикаға айтарлықтай әсер ететіні де айтылмай қалмады: Корея банкінің 2024 жылдың наурыз айындағы мәліметіне сәйкес ата-аналарын немесе қарт адамдарды күту үшін жұмысын тастап кеткендердің себебінен экономикалық шығын 2022 жылы 11-19 триллион вонға жеткен. Бұл көрсеткіш Оңтүстік Кореяның жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) 0,5-0,9% -ын құрайды.
Ұқсас материал:
Бір елдің өзінде күтімді қажет ететін қарттар қарасы 1 млн адамнан асқан