Күн энергиясы бойынша көш бастаған елдер анықталды
Күн энергиясы бойынша көш бастаған елдер анықталды
7 ай бұрын 928 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

BRUEGEL еуропалық зерттеу ұйымының (Брюсселдегі Еуропалық және жаһандық экономикалық зертханасы) деректері негізінде  Қытай, ЕО және АҚШ-тағы 2010 жылдан 2022 жылға дейін күн энергиясы өндірісінің өсу көрсеткіштерінің индексі түзілді. Бұл жайында islam.kz порталы naked-science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қытайдағы күн энергиясы өндірісінің қуаты 393 гигаватқа жеткен. Бұл көрсеткіш Еуропалық одақтағыдан (205 гигаватт) екі есе дерлік жоғары, ал Америка құрама штаттарынікінен (113 гигаватт) есе артық. Осы орайда Қытай күллі әлем бойынша күн панелдерінің 80%-дан астамын өндіретінін айта кетпекпіз. 2022 жылы Қытайда күн энергиясын өндіру саласында 2,76 миллион адам жұмыспен қамтылған. Олардың шамамен 1,8 миллионы тікелей өндірісте жұмыс істесе, қалған 918 000-ы құрылыс, монтаждау, пайдалану және техникалық қызмет көрсетумен айналысқан. ЕО-да күн энергиясын өндіру саласында 648 000 адам жұмыспен қамтылған, ал АҚШ-та ббұл көрсеткіш 264 000 адамды құраған.

0 пікір
Мұрағат