Күн энергетикасы бір жылда 30%-ға артты
|

Халықаралық энергетика агенттігі 2024 жылды қорытындылады. Бұл жайында islam.kz порталы naked-science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бір жыл ішінде жаңғыртпалы энергия көздерінің қуаты төрттен бір бөлікке өсті. Көміртексіз энергия өндірудің барлық түрлері алғаш рет электр энергиясын әлемдік тұтыну деңгейінің 40%-ына жетті. Оның үстiне, электрмен жүретін автокөлiк өндірісінің артуына байланысты әлемде мұнайға сұраныс азайып келеді. Аталған агенттік келтірген деек бойынша өткен жылы 670 гигаватт энергия өндіруге қауқарлы күн стансалары мен жел стансалары іске қосылған. Дәл осы уақыт ішінде электр энергиясын өндірудің 80%-ын қамтамасыз етіп, сағатына 660 млрд киловатт генерацияланды: күн электр стансаларының үлесі - 480 млрд, жел электр стансалары – 180 млрд.Тағы сағатына 190 млрд клиоватты гидроэлектр стансалары қамтамасыз етті. ГЭС жаңартпалы энергия көздеріне енгізілгендіктен, жаңғыртпалы энергия көздерінен генерациялау көрсеткіші бір жыл ішінде сағатына 850 млрд киловатт, ал жалпы көлемі сағатына 1100 млрд киловатқа ұлғайды. Жаңғыртпалы энергия көздерінің осындай жетістігіне қарамастан қазбалы отын (мұнай, көмір, т.б.) арқылы энергия өндірісінен өткен атмосфераға рекордтық деңгейде көмірқышқыл газы бөлінген - 37,8 миллиард тонна, яғни, бір жылда 0,8%-ға артып кеткен. Егер электр энергетикасын ғана емес, көлікті де, жылу және басқа да қажеттіліктер үшін жылу өндіруді де ескерсек, онда 2024 жылы жаңғыртпалы энергия көздері сұраныстың жалпы өсімінің 38%-ын ғана қамтамасыз етті. Тағы 28%-ы табиғи газдан, 15%-ы көмірден, 11%-ы мұнайдан, 8%-ы АЭС-тен (атом электр стансасы) алынды