Күллі әлем бойынша ерлердің ұрық сапасы 50%-ға төмендеп кеткен. Себебі анықталды
Күллі әлем бойынша ерлердің ұрық сапасы 50%-ға төмендеп кеткен. Себебі анықталды
1 жыл бұрын 1034 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Cоңғы 50 жылда күллі әлем бойынша ерлер ұрығының сапасы 50%-ға төмендеп кеткен. Мұның себебін америкалық ғалымдар анықтаған екен. Бұл жайында islam.kz порталы Zakon.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Америка құрама штаттарындағы Жорж Месон атындағы университет ғалымдары ерлер ұрығының құнары пестицид өндірісі кезінде бөлінетін екі заттан құлдырап кеткен. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Мелисса Перридің айтуынша, 50 жыл бойы жиналған деректер ерлер ұрығының сұйықтығына органикалық фосфаттар мен N-метилкарбаматтардың кері әсер ететінін көрсеткен. Бұл химиялық қосылыстар бүгінде кеңінен қолданылады. Органикалық фосфаттар арамшөптермен және зиянкестермен күресуге арналған өнімдер өндірісінде, сондай-ақ, пластмассалар мен еріткіштер өндірісінде қолданылады. Құрамында органофосфаттары бар пестицидтер бүкіл әлем бойынша егістіктерге шашылады. Сонымен қатар, бұл қосылыстар құрылыс материалдарында және көгалдарды күтіп ұстауға арналған заттар құрамында да кездеседі. N-метилкарбаматтар құрылымы мен қасиеттері бойынша фосфаторганикалықтарға ұқсас. Бұл заттар зиянды жәндіктерді жою үшін әрі дәнді дақылдарды, жеміс ағаштарын, көкөністерді өсіру үшін пайдланылады. Қысқасы, адам күнделікті тұтынатын заттар мен азық-түлікте бұл химиялық косылыстар молынан кездеседі. Аталған заттар жыныстық гормондарға тікелей әсер етеді, жасушаларды зақымдайды және мидағы нейрондық байланыстарға әсер етеді

Ұқсас материалдар:

«Телефон сәулесінің ұрыққа зиянды екені анықталды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/telefon-saulesinin-uryqqa-ziyandy-ekeni-anyqtaldy-19381/#gsc.tab=0);

«Ширек ғасырда ерлердің ұрпақ өрбіту қабілеті 50%-ға дерлік төмендеп кеткен» (https://islam.kz/kk/news/arturli/shirek-gasyrda-erlerdin-urpaq-orbitu-qabileti-50-ga-derlik-tomendep-ketken-18376/#gsc.tab=0);

"Зерттеу: Соңғы жарты ғасырда ерлердің ұрпақ өрбіту қабілеті екі есеазайған" (https://islam.kz/kk/news/arturli/zertteu-songy-jarty-gasyrda-erlerdin-urpaq-orbitu-qabileti-eki-ese-azaigan-17678/#gsc.tab=0);

"Ширек ғасырдан кейін ерлер ұрпақ өрбіту қабілетінен айырылуы мүмкін..." (https://islam.kz/kk/news/arturli/shirek-gasyrdan-keiin-erler-urpaq-orbitu-qabiletinen-aiyryluy-mumkin-15188/#gsc.tab=0); 

«Жылу стресінің шәуһатты қалай зақымдайтыны белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jylu-stresinin-shauhatty-qalai-zaqymdaityny-belgili-boldy-14338/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат