КСРО мен нацистік Германияны бір қатарға қойғандар заңмен қудаланады
КСРО мен нацистік Германияны бір қатарға қойғандар заңмен қудаланады
4 жыл бұрын 2390 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасының депутаттары КСРО әрекеті мен мақсатын екінші дүниежүзілік соғысты бастаған нацистік Германияның әрекетімен жария түрде салыстыруға, қатар қоюға, сондай-ақ, кеңес социалистік республикалар одағының фашизмге қарсы күресі мен жеңіске қосқан үлесін жоққа шығаруға тыйым салатын заң жобасын үшінші оқылымда қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң жобасын КСРО-ның фашизммен күрестегі тарихи маңызын сақтап қалу мақсатында әрі жастардың жат идеологияның жетегінде кету қатерінің алдын алу үшін мемдуманың мәдениет жөніндегі комитет жетекшісі Елена Ямпольская, мемдуманың бірінші вице-спикері Александр Жуков және сенатор Алексей Пушков әзірлеген болатын. Осы орайда екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты ақтаңдақтардың беті толық ашылмағынан айта кету керек, Оның үстіне, станлиндік репрессия мен аштық, тотолитарлық режимнің қатаң қыспағынан шыққан бұрынғы КСРО құрамындағы одақтас республикаларды бүгінгі Ресей билігі өз ықпалында ұстау үшін ортақ тарихи құндылықтарды, соның ішінде жеңісті идеологиялық қаруына айналдырғысы келетіні жасырын емес.

0 пікір
Мұрағат