Кремл мигранттарға қарсы қатаң саясатқа көшті
|
Ресей Федерациясының ішкі істер министрлігі ел аумағына заңсыз енген шетелдіктер тізімінде тұратындарға қолданылатын тыйымдар мен өзге де шектеу шараларын жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған басқарма басшысының бірінші орынбасары Александр Горовой «Коммерсант» мерзімді басылымына берген сұхбатында атап өткендей, заңсыз мигранттарға, атап айтқанда, неке қиюға және банк клиенті болуға тыйым салынады. Сондай-ақ, олар мемлекеттік қызметтерді пайдалана алмайды. Бұдан бөлек, шетелдіктерге көлік жүргізуге, жылжымалы және жылжымайтын мүліктің иесі болуға тыйым салынады. Бұған қоса, есепте тұрғандар балаларын балабақша мен мектепке бере алмайды. Бұған дейін ішкі істер министрлігі жариялаған мәліметтерге сәйкес Ресей федерациясындағы заңсыз шетелдіктердің саны 630 мыңнан асқан. Бұған дейін білім министрлігі сыныптағы шетелдік балалардың оңтайлы санын жариялаған еді: үш баладан артық болмауы тиіс.