Көрші елде шетелдіктермен жалған некеге тұруға қарсы заң қабылдады
Көрші елде шетелдіктермен жалған некеге тұруға қарсы заң қабылдады
2 ай бұрын 570 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасы пленарлық отырысында шетелдіктің РФ азаматымен оңайлатылған тәртіпте уақытша тұруға ықтиярхат (ТРП) алу үшін кемінде үш жыл некеде тұруды міндеттейтін заң қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта «РФ-дан шығу және РФ-ға келу тәртібі туралы» және «РФ-дағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» заңдарға өзгерістер енгізілуде. Енді белгілі бір талаптар үддесінен шыққан шетелдік азамат жыл сайын РФ үкіметі бекітетін квота бойынша уақытша тұруға рұқсат ала алады. Сонымен қатар, талаптарға сәйкес келмейтін шетелдіктердің көбісі отбасын құрғысы келмесе де неке институтын өзінің мүддесін жүзеге асыру үшін, дәлірегі, елде болуды заңдастыру үшін пайдаланады, өйткені, қолданыстағы заңнама оңайлатылған тәртіппен уақытша тұруға рұқсат алғысы келетін шетелдіктің ресейлік азаматпен некеде болу мерзімі туралы шарт қарастырылмаған. Жаңа ережеге сәйкес уақытша тұруға рұқсат Ресейде тұрақты тұратын РФ азаматымен кемінде үш жыл некеде тұрған немесе некеде тұрғанда туған немесе (асырап алынған) ортақ баласы бар, Ресейде тұрақты тұратын РФ азаматымен некеде тұрған шетелдікке берілуі мүмкін. Уақытша тұру ықтиярхаты сот шешімімен неке бұзылған немесе жарамсыз деп танылған жағдайда, шетелдік ата-ана құқығынан айырылған жағдайда, немесе баланың туу туралы куәлігінен осы шетелдік азаматқа қатыссты мәліметтер алынып тасталған жағдайда жойылуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат