Король мен тақ мұрагері ағзаларын донорлыққа беруге келісім берді
Король мен тақ мұрагері ағзаларын донорлыққа беруге келісім берді
4 жыл бұрын 2621 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Биыл жасы 86-ға толатын Саудия королі Салман бен Әбдіәзіз бен оның ұлы, тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман донорлық мақсатта қолдануға ағзаларын беру жөніндегі бағдарламаға тіркелді. Бұл жайында islam.kz порталы saudigazette.com.sa (Saudi Gazette) ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал Saudi Press ақпарат агенттігінің жазуынша, монарх пен ханзада ағза донорлығы болу үшін Саудияның ағза трансплантациясы орталығына (SCOT) өтініш берген. Осылайша олар қоластындағы халыққа өздері бас болып, үлгі көрсетті. Монарх пен тақ мұрагерінің бұл игі бастамасына қосылып, қолдау білдірген жауапты қызметкерлер қатарында аталған елдің қорғаныс министрі Халид бин Салман мен ішкі істер министрі Әбдіәзіз бин Сауд және бірқатар губернатор бар. Бұл айтылғандардан бөлек тағы бірқатар лауазымды тұлғалар өмірі ағза трансплантациясына мұқтаж науқастардың өмірін ұзартуға мүмкіндік беретін бағдарламаға қатысуға ниет етіп отыр.

0 пікір
Мұрағат