|
Кореяда ел тұрғындарының барлығына мобилді тегін интернет енгізілді
|
Оңтүстік Корея елінде мобилді байланыс саласында маңызды өзгеріс жарияланды: мемлекеттік деңгейде барлық пайдаланушылар үшін іс жүзінде шексіз интернет енгізілуде. Бұл жайында islam.kz порталы The Register мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, елдегі үш ірі оператордың барлық тарифтік жоспарлары енді желіге шектеусіз қосылады. Бұдан былай, елдегі 7 млн-нан аса абонент тарифтың ақшасы таусылып қалса да интернеттен ажыратылмайды, оның орнына жылдамдығы 400 Кбит/с-ке дейін шектеледі. Осының өзі мессенджерлерге, мәтіндік сайттарға, тіпті, сапаса төмен бейнероликтерді де көруге жеткілікті. Оңтүстік Корея билігінің цифрлы жетістікті күнделікті игілікке айналдыру бастамасын елдегі ең ірі үш оператор да, атап айтқанда, SK Telecom, KT және LG Uplus компаниялары қолдап отыр. Таңғы шық елінің ғылым және ақпараттық-байланыс технологиялар министрлігі мұндай шара онлайн қызметтерді ел азаматтарының негізгі (базалық) қажеттіліктерінің біріне айналдыруға қолға алынып отырғандарын жеткізді. Қазіргі қоғамда интернет әлдеқашан сән-салтанат болудан қалған — ол жұмыс істеу, білім алу, қарым-қатынас жасау және мемлекеттік қызметтерді пайдалану құралына айналды. Оңтүстік Корея билігі мұны іс жүзінде инфрақұрылым деңгейінде бекітіп отыр. Билік тек жаңа тарифті мейлінше арзан етумен ғана шектелмеді. Операторлар, сондай-ақ, құны 20 000 вон (13,5 доллар шамасында) болатын арзан 5G-жоспарларын іске қосуға, егде жастағы пайдаланушылар үшін деректер пакеті мен минуттарды ұлғайтуға, сондай-ақ метро мен қалааралық поездарда Wi-Fi-ны жақсартуға уәде берді. Көптеген елдер үшін мұндай модель әзірге шынайылықтан гөрі бағдар ретінде қалып отыр. Алайда, Оңтүстік Кореяның тәжірибесі интернеттің біртіндеп электр мен су сияқты базалық қызметке айналып келе жатқанын көрсетеді.