Көрер жарығы аз қалған балаларды үйіне алып, мейірім танытқан адам (видео)
Көрер жарығы аз қалған балаларды үйіне алып, мейірім танытқан адам (видео)
7 жыл бұрын 3932 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Лос-Анджелес мегаполисінің Мұхаммед Бзик есімді 62 жастағы тұрғыны емі жоқ ауру балаларды үйіне алып, суішкілігі аз қалған оларға барынша жағдай жасап, аялап, қамқорлық танытып келеді. Оның бұл әрекеті әлеуметтік желіде белгілі болып, Мұхаммед Бзик аз уақыттың ішінде ең танымал тұлғалардың біріне айналды. Айта кетейік, жасы алпыстан асқан мұсылман қайырымдылық істермен өткен ғасырдың 80-ші жылдары шұғылдана бастаған болатын. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеуге машықтанған маманның арнайы сертификаты да бар. Оған құдай қосқан қосағы әрдайым қолдау білдірген. Осы уақыт ішінде өмірінің соңғы кездерінде мейірімге бөлеген он баланы ақтық сапарға шығарып салыпты. Айта кетейік, мұсылман ерлі-зайыптылар ата-аналары бас тартқан балаларды қамқорлығына алып келеді. Палатада өмірінің соңғы сәттерін өткізбесі үшін мүмкіндігі шектеулі балаларды үйлеріне алып, күтімін жасайды. Мұхаммедтің зайыбы дүниеден өткеніне, міне он жылдан асыпты. Қазіргі уақытта ол жалғыз өзі ата-анасы тастап кеткен емі жоқ ауру балаларды қарап жүр. Оның нәресте кезінен бері кемтар Адам есімді 19 жастағы баласымен бірге оларға да жағдай жасап жүр. Баласының сүйектері нәзік, сирек кездесетін ауруға шалдыққан. Қазіргі уақытта Мұхаммедтің қамқорлығында сал болып туған және саңырау әрі зағип алты жастағы қыз бала бар. 

 

0 пікір
Мұрағат