Корейлер ит етінен түбегейлі бас тартады
|
Оңтүстік Корея министрлер кабинеті билік басындағы «Азаматтық күш» партиясымен бірігіп, келесі жылдың аяғына дейін ит етін саудаға шығаруға әрі тұтынуға тыйым салу қарастырылған заң жобасын қабыдайды. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таңғы шық елі билігінің мұндай қадамға баруына соңғы жылдары ит асыраушылар қарасының көбейіп кеткені әрі мұндай әдеттің елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні себеп болған. Дәлірегі, аталмыш заң жобасында итті союға әрі етін сатуға тыйым салынған. Бұдан бөлек, ит үй жануары санатынан шығарылады. 2024 жылы қабылданса, 2027 жылы қолданысқа енетін заң жобасында итті еті үшін өсіретіндер мен ит етінен тағам әзірлейтін мейрамханалар бизнесі зардап шекпесі үшін қаржылау көмек көрсетіледі. Осы орайда Оңтүстік Корея аумағында бүгінде итті еті үшін өсіретін шамамен 1150 ферма мен ит союға арналған 34 қасапхана, сондай-ақ, ит етін жеткізетін 219 дистрибьютерлік компания мен ит етінен ас дайындайтын 1600 мейрамхана барын айта кету керек. Өткен жылғы бұл бағыттағы сауалнама нәтижесі көрсеткендей, ел тұрғындарының 64 пайызы ит етін жеуге тыйым салуды жақтаған. Ит етін тұтыну көрсеткіші 2015 жылдан бері 19 пайызға төмендеген.