Көр қазудан жарыс өтті
Көр қазудан жарыс өтті
41 минут бұрын 53 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Oleksandr_U / Shutterstock / Fotodom

Венгрияда 19 топтан жасақталған 38 көр қазушы қабір қазу жылдамдығынан байқауға қатысты. Бұл жайында islam.kz порталы Associated Press ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ерекше жарыс өткен сенбіде, яғни, қыркүйек айының 5-і күні аталған еуропалық елдің солтүстігінде орын тепкен Ньергешуйфалу қаласындағы қоғамдық зиратта өткен. Тек күрекпен және сүйменмен қаруланған жарысқа қатысушылар талап бойынша тереңдігі 1,6 метрдан аспайтын, ұзындығы 2 метрге жететін, ал ені 0,8 метрден кем болмайтын қабіо қазу тапсырмасын орындады. Әділқазылар алқасы қабір қазу жылдамдығына ғана емес, сонымен қатар, сапасына да, соның ішінде қабір қабырғасының тегістігіне, талапта қарастырылған өлшемнің дәлдігіне де назар аударды. Айрықша жарысты Роберт Над және Ласло Киш есімді көр қазушылар 21 минутта қабір қазып, жүлдегер атанды. Олар сыйлыққа 200 мың форинтке (венгерлердің төл ақшасы, бұл қаражатты әлемлік валютаға шаққанда шамамен 640 доллар болды) ие болды. Мұндай шара не үшін өткізіліп отыр? Ұйымдастырушылар елене бермейтін ең ежелгі кәсіпті мұндай іске жолағысы келмейтін жастарға насихаттау мақсатында қолға алғандарын мәлімдеді. Қайтқан адамды ақтық сапарға шығарып салуда қабір қазуды маңызды қадам ретінде дәріптемек болған.

0 пікір
Мұрағат