|
Бірнеше млн қытай түлектеріне қауіп төнді
|
Жасанды зерденің жаппай енгізілуі Қытайдағы жоғарғы оқу орындары мен кәсіби білім беретін мекемелердің 12,7 млн түлегінің жұмысқа тұруына қауіпп төндіріп тұр. Бұл жайында islam.kz порталы The New York Times мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш басылымның мәліметінше, биыл еңбек нарығына 12,7 млн түлек шығады. Бұл ретте аталған елде бос жұмыс орындар туралы хабарландырулардың едәуір бөлігі АІ саласындағы дағдыларды талап етеді, ал әдеттегі лауазымдарға бос орындар саны қысқаруда. Түлектер мамандарға сұраныс аз еңбек нарығына шығып, экономикадағы белгісіздіктен онсыз да қысқарып жатқан жұмыс орындарының қысқарудан аман қалған аз жұмыс орны үшін қатаң бәсекеге түсуге тура келеді. Сондай-ақ, олар жаңа кедергімен бетпе-бет келіп отыр – экономиканың түрлі салаларын қайта құрылымдауды және рекрутерлердің басымдықтарын өзгертуді бастайтын жасанды зерде технологиясымен байланысты белгісіздікке тап болады. Үкiметтiң қолдауымен елде жаңа технологияларды сұрапыл қарқынмен енгiзіліп жатыр, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейi көтеріліп келеді. Шілде айында 16-24 жас аралығындағы қала тұрғындары арасындағы жұмыссыздық деңгейі 17,9 пайызды құрады. Сонымен қатар, Қытай билігі АІ есебінен қаражатты үнемдеу үшін жұмыс орындарын қысқарту науқанын құптамайтынын мәлімдеді. Кей экономистердің ескертуінше, АІ-технологияларға инвестицияның жоғары сұранысы көп ұзамай Америка құрама штаттарының қор нарығында жаңа қаржы көпіршігіне айналуы мүмкін.