Көп әйел алғаны үшін айыппұл салынды
Көп әйел алғаны үшін айыппұл салынды
10 жыл бұрын 3514

Тәжікстанның оппозициялық ислами жаңғыру партиясы төрағасының кеңесшісі Саид Назарға төрт әйелмен некеде тұрғаны үшін қомақты айыппұл салынды. Бұл жайында тәжіктердің мемлекеттік телеарнасы хабар таратты. «Әр әйелінен перзент сүйген», - деді осы хабарды таратқан тілші. Алайда, саясаткердің қанша баласы барын айтпады. Аталмыш хабарда Саид Назардың өзі де сөйлеп, көп әйел алғанын мойындады әрі олардың тек біреуімен ғана ресми түрде неке қидырып, азаматтық хал актілерін тіркеуде тұрғанын жасырмады. Ал өзгелерімен шариғат бойынша неке қидырған екен. Душанбе қаласының аудандық соты оны 170-ші бап (көп әйел алушылық) бойынша айыпты деп танып, 9,6 мың доллар мөлшерінде айыппұл салды. Тәжіктердің аталмыш оппозициялық партиясының 40 мыңнан аса жақтаушысы бар әрі мүшелерінің көптігі жағынан екінші партия саналады. 

1 пікір
  • Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух, Астағфируллах, көп әйел алу ол сунна және де шариат бойынша рұқсат бар, кімде кім оған қарсы келсе немесе қиянат жасаса, Аллахтын қарғысы өте қатты болады, астағфируллах
    10 жыл бұрын
Мұрағат