Көне еуропалықтар ит пен мысық етін жеген
Көне еуропалықтар ит пен мысық етін жеген
10 жыл бұрын 3412

Baq.kz ақпарат көзінің хабарына қарағанда, Еуропа аумағында қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан археологтар кәрі құрлықтың Қола дәуіріндегі (3100-7200 жыл бұрын) тұрғындары ит пен мысық және борсықтың етін күнделікті азық ретінде пайдаланғанын дәлелдеп отыр. Бұл жайында Каталандық адам полеэкологиясы және әлеуметтік эволюция институтының ғалымдары мәлімдеді деп жазады Daily Mail. 

Ғалымдар Эль-Мирадор үңгірінен (Сьерра-де-Атапуэрка) табылған жануарлар сүйегінен адам тістерінің ізін анықтаған. Бұл үңгірді неолит пен қола дәуіріндегі адамдар үй жануарларын қамайтын қора ретінде пайдаланған дейді археологтар. Олар ірі қара мал етімен бірге ұсақ үй жануарларының да етін жеген көрінеді. "Эль-Мирадор үңгірінде иттерді сойып, жіліктеп тастаған. Ал, сүйектерін қайнатып жеген" дейді зерттеу жұмысын жүргізген археолог-ғалым Патриция Мартин.

Мартиннің айтуынша, ежелгі адамдар ит пен мысықтың етін әдетте ашыққан кезде пайдаланған. Дегенмен, Иберия түбегінің тұрғындары ит етін ақуыз үшін жеуі де ғажап емес дейді ол. Ал, мысық пен борсықты аңшылықтан бос келген кезде азық еткен.

0 пікір
Мұрағат