Селфи үш студенттің түбіне жетті
Селфи үш студенттің түбіне жетті
9 жыл бұрын 4032

Үндістанда студенттер таяп қалған пойызға селфи жасаймыз деп, үш жолдасынан айырылып қалды. Нақтырақ айтқанда, үш студент отарбаның астына түсіп көз жұмды. Қайғылы жағдай Уттар-Прадеш штатында қаңтар айының 26-ы күні таңертеңгісін орын алды. Бұл жайында Times of India ақпарат көзі хабар таратты. Тарқатып айтсақ, үш студенттің қазасымен аяқталған бұл оқиға былай өрбіген еді: төрт студент әлемге әйгілі Тәж-Маһал кесенесін көріп қайту үшін Делиден Агра қаласына сапарға шығады. Олар пойызды фотосуретке түсіріп, артынан оны ғаламтормақ орналастырмақ боп келіседі. Олардың үшеуі теміржолдың үстіне шығып селфи жасамақ болады. Алайда, секіріп үлгермей, отарбаның астында қалады. Олардың жас шамасы 20-22 аралығында екені белгілі болды. Осыған ұқсас жайт өткен жылдың тамыз айында Мексикада да орын алған еді. Жас жігіт қолына тапанша ұстап өзіне селфи жасамақ болады. Алайда, шүріппені басып жіберіп, мерт болған еді. 

0 пікір
Мұрағат