Көкке көтерілгеннен кейін "көбейетін", әрбіреуі дербес ұшатын дрон құрастырылды (видео)
Көкке көтерілгеннен кейін "көбейетін", әрбіреуі дербес ұшатын дрон құрастырылды (видео)
9 ай бұрын 1118 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары ұшу кезінде бірнеше дронға айналатын, яғни, көкке көтірелгеннен кейін «көбейе» алатын ерекше ұшқышсыз ұшу аппаратын құрастырды. Бірнеше бөлікке бөлінгеннен кейін дрондар өз бетінше ұшады. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай ғалымдарының мұндай айрықша ұшқышсыз ұшу аппаратын жасауға үйеңкі тұқымдары ой салған. Нанкин аэронавтика және астронавтика университетінде құрастырылған мұндай құрылғылар, ғалымдардың айтуынша, бұрын-соңды болмаған. Ұшу кезінде дрон екі, үш, тіпті, алты дронға бөлінуі мүмкін. Нақты саны тапсырмаларға байланысты. Ғалымдар ұшқышсыз ұшақтардың мұндай мүмкіндіктері әуе қорғанысының жұмысына айтарлықтай әсер етуі мүмкін екенін атап өтті. Егер ұшқышсыз ұшақтардың саны күрт көбейсе, олармен күресуге арналған жүйенің тиімділігі төмендейді. Қазіргі уақытта «аралас» ұшқышсыз ұшақтың мейлінше ұшу жылдамдығы нарықтағы ең жылдам дрондарға, әрине, жетпейді. Соған қарамастан, құрылғы алғашқы сынақтарда ойдағыдай нәтиже көрсеткен. Нақты жылдамдық көрсеткіштері әлі жарияланған жоқ

  

0 пікір
Мұрағат