«Кешіріңіз, мұсылмандарды жұмысқа қабылдамаймыз!»
|
Алмас экспорттаумен айналысатын аса ірі, алдыңғы қатарлы «Харе Кришна Экспортс» үнді компаниясы беделді жоғарғы оқу орнын тәмамдаған Зишан Әлі Хан есімді мұсылман жігітін жұмысқа қабылдаудан бас тартты. Мұсылман болғаны үшін. Ол достарымен бірге резюмесін аталған компанияның мекен-жайына жөнелткен екен. Оның таныстары бірден жұмысқа тұрып кеткен. «Резюме жөнелткеніңіз үшін алғыс айтамыз, алайда, біз мұсылман еместерді ғана жұмысқа қабылдаймыз», - деген жауап алған. «Басында мен мұны әзіл шығар деп ойладым. Егер олар мені жұмысқа қабылдағысы келмесе, онда орынды себеп айтуы керек еді», - деді ол The Hindu ақпарат көзінің тілшісіне берген сұхбатында. Ол бұл жағдайды әлеуметтік желіге жазып қалдырады, аталған компанияның топ-менеджерлерінің бірі оған хабарласып, кадр бөлімі қызметкерінің тәжірибесі жоқтығын айтып, ақталып, кешірім сұраған екен. Мұндай қорлықтан кейін ол бұл компанияда жұмыс істеуден бас тартқан.