Келесі ғасырда жәндіктер толық жойылуы мүмкін (инфографика)
Келесі ғасырда жәндіктер толық жойылуы мүмкін (инфографика)
6 жыл бұрын 6300 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бұл жайында Сидней және Квинсленд жоғары оқу орындарының, сондай-ақ, Бейжіңдегі қытай ауыл шаруашылық академиясының ғалымдары мәлім етті. Biological Conservation мерзімді басылымында жарияланған аталмыш жоғарғы оқу орындары мен академия ғалымдарының тұжырым осындай. Ғалымдар соңғы 30 жыл ішінде жәндіктердің жаппай жойылуына қатысты 73 ғылыми еңбегі жарық көріпті. Нәтижесіне үңілсеңіз, жыл сайын жәндіктер 2,5 пайызға кеміп отырады. "Шығын есепсіз. Енді бір он жылдан соң жәндіктердің төрттен бірі кемиді. 50 жылдан соң тек жартысы қалады, ал жүз жылдан соң мүлдем жоғалады",- деп жазыпты авторлар. Жәндіктер экологиялық жүйенің тепе-теңдігін ұстап тұрған тіршілік иелері. Жәндіктер жойылса, онымен қоректенетін жануарлар да жойылады, ол өз кезегінде жануарлардың етін азық қылатын жыртқыштардың жойылуына алып келмек. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, ең алдымен көбелектер, аралар, қоңыздар, т.б. жойылады. Ол ол ма, шыбындардың да қарасы едәуір азайған. Бұған қарқынды жүргізілген ауыл шаруашылығы мен жаһандық жылыну кері әсерін тигізуде. Тіршілік ететін ортасының тарылуынан (ауыл шаруашылық мақсатында тың жерді игеру, өнімділікті арттыратын тыңайтқышты қолдану есебінен). 

Қызылмен белгіленгендері ең алдымен жойылу қаупі төнгендері, ал сарысы уақыт өте келе жоғалуы ммкін тіршілік иелері

0 пікір
Мұрағат