Кедейлікпен күрес тәсілдерінің бірі өз жемісін бере бастады
Кедейлікпен күрес тәсілдерінің бірі өз жемісін бере бастады
4 жыл бұрын 3152 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай билігінің кедейлікпен күрес реформасы аясында қоныс аудару бағдарламасына қатысқан кедейлер аз уақыт ішінде өздерінің табысын айтарлықтай арттыра алған екен. Бұл жайында islam.kz порталы Қытай халық республикасының ұлттық даму және реформа жөніндегі комиссия дерегін алға тартқан қытайдың бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, 2016 жылы қытай кедейлерінің орташа табысы жылына 4221 юанды (шамамен 643,52 доллар) құраған екен, өткен жылы бұл көрсеткіш 9313 юанға жеткен. Яғни, жылдық өсу көрсеткіші 30,2%-ды құраған. Бұл туралы жоғарыда аталған комиссияның бас хатшысы Чжао Чэньсинь баспасөз мәслихатында мәлім етті. Елдегі кедейлікпен күрестің бір тармағына кедейлерді жұмысшы күші жетіспейтін әрі өндірістік әлеуеті зор немесе ауыл шаруашылығығын жүргізуге қолайлы өңірлерге қоныс аударту жатады. ҚХР еңбек ресурсы және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің ресми өкілі Чжан Иннің айтуынша, жұмыс орындарын ашу, жұмыспен қамту, кәсіби дағдыларын қалыптастыру, біліктілікті арттыру, жаңа ортаға бейімдеу, салықты азайту, қаржылай қолдау көрсету, т.б. кедейлікпен күрес науқанының қосымша шаралары ретінде алға шығады. Осындай нақты нәтиже беретін прагматикалық шараға негізделген қоныс аудару бағдарламасы арқылы 3,58 млн адам жұмысқа тұрған. Осы орайда Қытай билігінің, дәлірегі, Қытай коммунистік партиясының елдегі 600 млн-нан аса адамды 2020 жылға дейін кедейлік қамытынан шығаруды алдына мақсат етіп қойған болатын. Осы мақсатта Қытай кедейлерді көшіруге 2016−2020 жылдар аралығында шамамен 600 млрд юан қаржы жұмсаған.

0 пікір
Мұрағат