Катарда өтетін 2022 жылғы әлем чемпионаты тарихтағы ең қымбат жарыс болмақ
|
Футбол жанкүйерлері Катарда жексенбі күні басталатын әлем чемпионатының билеттерін 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатына қарағанда 40%-ға артық төлейтін болады. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, финалға билеттер орташа есеппен 812 АҚШ долларын құрайды. Сонымен қатар, Катардағы билет бағасы әлем чемпионаты ойындары үшін соңғы 20 жылдағы ең жоғары баға болып табылады. 2006 жылы Германияда өткенн әлем чемпионатының билеттері соңғы 20 жылдағы ең арзаны болып саналды, матч билетінің орташа бағасы 114 еуро, ал Берлин Олимпиада стадионындағы финалға билет бір орынға орташа есеппен 250 евроны құраған еді. «Қараша айының 20-ы мен желтоқсанның 18-і аралығында Катарда өтетін әлем чемпионаты тарихтағы ең қымбат әлем чемпионаты болып саналады. Елдегі алты жаңа стадионның құрылысы және тағы екі аренаның толық реконструкциясы шамамен 3 миллиард долларды құрады. Ел астанасы - Доханың көлік бағыттары мен халықаралық әуежайды реконструкциялау сияқты инфрақұрылымын кеңейтуге көп қаражат жұмсалды», - делінген бұл тараптағы зерттеуде. ФИФА бұған дейін Катардағы сегіз стадионға үш миллионға жуық билет көптеген елдерден келген жанкүйерлерге сатылғанын алға тартып отыр. Бұл дүбірлі дода Таяу Шығыста өтетін футболдан әлем чемпионатының алғашқысы.