Катар әлем чемптонатынан кейін тап болуы мүмкін дағдарыс аталды
Катар әлем чемптонатынан кейін тап болуы мүмкін дағдарыс аталды
2 жыл бұрын 1580 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Катар 2022 жылғы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін жылжымайтын мүлік проблемасына тап болуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дүбірлі додаға дайындық барысында елдің инфрақұрылымына 300 миллиард доллардан астам инвестиция құйылған. Алайда,  сарапшылар футболдан әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін жылжымайтын мүлік, қонақ үй бизнесі, сондай-ақ, азық-түлік пен сусын өндірісі дағдарысқа тап болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды, өйткені, тұрғындар чемпионатқа байланысты енгізілген игіліктерді игеруге біршама уақыт кетпек. Міне, осындай себепке байланысты Катар экономикалық шығынға әкелуі мүмкін мәселелермен бетпе-бет келмек. Катарда өткен чемпионаттың алдында баспана бағасы көтерілген. Жанкүйерлерге барлығы 60 000 пәтер жалға берілді. Қазан айында жалдау ақысы 20-30 пайызға өскен. Cushman & Wakefield 2023 компаниясы жылдың бірінші тоқсанындағы күрт өсімнен кейін нарықтағы өнімділік пен өтімділіктің айтарлықтай құлдырайтынын болжап отыр.

0 пікір
Мұрағат