Кәрістердің косметикалық компаниясы алғашқы халал сертификатын алды
|
Кәрістердің Talent Cosmetics компаниясы шариғат талаптарына сай косметикалық брендке ие болды. Бұл өз кезегінде аталмыш компания өнімдерінің өткізу нарығын кеңейтіп, табысын еселеп арттыратын болады. Бұл жайында осы компанияның бас директоры Кан Сун Чжин жария етті. Негізінен халал косметика нарығы әлі күнге дейін толыққанды өркендемей отыр. Алайда, сарапшылардың айтуынша, бұл саланың өрлеу кезеңі енді туып келе жатыр. Бүгінгі таңда косметикалық өнімдерді сатудан түсетін жылдық табыс 560 млн долларға жеткен. Соңғы уақытта кәрістердің косметикалық өнімдеріне әлемде сұраныс артып келеді. Соның ішінде, мұсылман елдері де бар. Нақтырақ айтқанда, Малайзия, Пәкістан және Индонезия елдерінде кәрістердің косметикалық өнімдеріне деген сұраныс жоғары.