|
Кәрі құрлықта антисемитизм бәсеңдеп, керісінше исламофобия өршуіне не түрткі болды?
|
Тель-Авив қаласында орналасқан аса беделді Кантор орталығы университеті бүгінгі таңдағы әлем бойынша антисемитизм деңгейіне қатысты жыл сайынғы есебін жариялады. Аталмыш жоғарғы оқу орнының зерттеушілері мен сарапшылары келтірген дерек пен дәйекке назар салсақ, Еуропадағы терактілер мен миграциялық дағдарыс кәрі құрлықта тұратын еврей диаспорасына деген ультраоңшылардың теріс қарым-қатынасынын бәсеңдеткен. ЕО-ға мүше Франция, Бельгия, Нидерланды және Люксембургте антисемитизмнің бәсеңдегені байқалған. Есесіне, исламофобия өршіп кеткен. Тек бір ғана Германияның өзінде мұсылмандарға шабуыл үш есеге артқан - 2016 жылы 3 мыңдай шабуыл жасалған екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті
■
Таяу Шығыста террористік ұйым деп танылған қозғалысқа Белгияда басқаша баға берілді