Кәмелет жасына толмағандарға пластикалық отаны жарнамалауға тыйым салынды
Кәмелет жасына толмағандарға пластикалық отаны жарнамалауға тыйым салынды
3 жыл бұрын 1681 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Англияда компанияларға жасы 18-ге толмаған жасөспірімдерге 2022 жылдан бастап пластикалық отаның жарнамасын көрсетуге тыйым салынады. Бұл жайында islam.kz порталы Sky News ақпарат көзінге сільеме жасай отырып мәлім етеді. Жарнама саясаты жөніндегі комитет өкілі Шахрияр Купал (Shahriar Coupal) түсіндіргендей, қоғамға трансляцияланатын сұлулық стандарты жасөспірімдердің психикалық жай-күйіне теріс әсерін тигізеді. Дәлірегі, олардың өз-өзін жете бағаламауын, өз-өзіне сенімсіздікті тудырады, қысқасы, қорыну (комплекс) сезімі пайда болады. 2022 жылдың мамыр айынан бастап омырауды үйлкейту немесе кішірейту, липосакция, блефаропластика, ринопластика, теріні жасарту, беттегІ әжімге қарсы теріні тарттыру, тісті ағарту, филлермен иньекция жасату, т.б. процедураларға қатысты жарнамалар жасы 18-ге толмаған жасөспірімдерге көрсетілмейді. Бұл шектеу кәмелет жасына толмағандар да көре алатын теледидар бағдарламалары мен өзге де бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты енгізіледі. Сөз орайы келгенде айта кету керек, қазан айында Англияда ботокс иньекциясын жасы 18-ге толмаған жасөспірімдерге қолдануға тыйым салынған болатын.  Лора Тротт есімді консерватор депутат әзірлеген заң жобасында қарастырылған талаптарға сәйкес дәрігер мен маман тек денсаулығында кінәрат болған жағдайда ғана кәмелет жасына толмағандарға ботокс иньекциясын қолдануға болады.

0 пікір
Мұрағат