Жынысын ауыстыруға заңмен тыйым салынады
Жынысын ауыстыруға заңмен тыйым салынады
2 жыл бұрын 1078 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Таяуда Ресей Федерациясының мемлекеттік думасы ел азаматтарына жынысын ауыстыруға тыйым салуда қарастыратын заң жобасын талқылайды. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мемлекеттік дума жетекшісінің орынбасары Петр Толстойдың айтуынша, ұсынылып отырған түзетулерге сәйкес елде жынысты ауыстыру бойынша кез келген медициналық айла-шарғыларға ғана емес, сонымен қатар, операциясыз жынысын ауыстыруды мемлекеттік тіркеуге де тыйым салынады. Балалық шақтағы жынысты қалыптастырудың туа біткен физиологиялық аномалияларын емдеу қажет болған жағдайларда ғана, яғни, денсаулығына қауіп төнгенде ғана жыныс ауыстыру отасына рұқсат етілмек. Оның өзінде де мұндай медициналық процедура федералды денсаулық сақтау мекемесінің медициналық комиссиясының келісімімен ғана мүмкін болады. Қоғамға тән дәстүрлі құндылықтар құлдыраған Америка Құрама Штаттарында және басқа да бірқатар елдерде ерте жастан бастап жынысын өзгерту мүмкіндік берілген.

0 пікір
Мұрағат