Жыныс ауыстыру отасына рұқсат етілетін елдердің азаматтарына бала асырап алуға тыйым салатын заң қабылданды
Жыныс ауыстыру отасына рұқсат етілетін елдердің азаматтарына бала асырап алуға тыйым салатын заң қабылданды
1 ай бұрын 1041 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасы екінші және үшінші оқылымда жыныс ауыстыру отасына немесе процедурасына рұқсат берілген елдердің азаматтарына ресейлік балаларды асырап алуға тыйым салу қарастырылған заң жобасын қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы «Детали» дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тыйым ресейлік баланы асырап алғысы келетіндерге де, қамқоршы болғысы келетіндерге де, сондай-ақ, жыныс ауыстыру процедурасына рұқсат етілген елдерді тұрақты түрде тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға да қатысты қолданылады. Аталмыш заң талабына сәйкес мұндай ереже медициналықтұрғыдан немесе құжат бойынша гендерлік қайта тағайындауға (яғни, жыныс ауыстыруға) рұқсат етілген мемлекеттерге қолданылады. Бүгінде әлемнің 93 елінде жыныс ауыстыру отасына тыйым  салынған. Ал Еуропалық елдерде тек алты мемлекетті (Албания, Болгария, Венгрия, Сан-Марино, Ватикан және Ресей Федерациясы) қоспағанда барлығында мұндай процедураға рұқсат берілген. Ал Израилде, тіпті, 2015 жылдан бері отасыз-ақ жынысын құжат бойынша ауыстыруға оұқсат етілген екен. Осы орайда соңғы жет жыл ішінде шетелдіктердің Ресейден 699 бала асырап алғанын айта кетпекпіз. Ал 2018–2019 жылдар аралығында бұл көрсеткіш 529-дан аспапты. 2020–2022 жылдары — 164; 2023 жылы – 6, ал биыл (2024 жылы) шетелдіктер аталған елден бірде-бір бала асырап алмаған.

0 пікір
Мұрағат