Жылына әлем бойынша азық-түліктің 14 пайыздайы қоқысқа тасталады
Жылына әлем бойынша азық-түліктің 14 пайыздайы қоқысқа тасталады
5 жыл бұрын 3313 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жыл сайын күллі әлемде өндірілген азық-түліктің 13,8 пайызы тұтынушыға жетпей қоқысқа тасталады. Бұл жайында түріктердің «Анадолы» ақпарат агенттігі биыл FAO жария еткен Азық-түлік шығынының алғашқы индексін қалай түзілгенін түсіндірген Біріккен Ұлттар Ұйымына қарасты Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының тағам қалдықтары жөніндегі маманы Камелия Букатариуге сілтеме жасай отырып хабар таратты. Оның айтуынша, FAO 2011 жылдан бері азық-түлік шығынан азайтуға әрі бүлінуіне жол бермеуге бағытталған SAVE FOOD деп аталатын науқан жүргізіп келеді. Азық-түлік ресурсына ұқыпты қарауға әрі үнмедеуге үндейтін аталмыш науқан Түркияда да қолға алынған. Өйткені, аталған ел аумағында жылына 26 млн тоннаға дейін азық-түлік (олардың дені жеміс-жидек пен көкөніс түрлері) қоқысқа тасталады. Маманның келтірген дерегіне қарағанда, жыл сайын әлем бойынша фермерлер өндіретін жеміс-жидек пен көкөністің жартысынан көбісі, дәлірегі, 53 пайызы тұтынушаға жетпей шіриді. Дұрыс сақталмаудан, тасымалданбаудан, өзге де басқа себептермен осыншалық шығынға ұшырайды. Адамзат қарасының артуына әрі климат өзгерісіне байланысты азық-түлік тапшылығы артып келеді әрі азық-түлік қауіпсіздігі өзекті мәселеге айналған. Әлемде тоя тамақ ішпейтін, ашқұрсақ өмір сүретіндер қарасы 2 млрд-қа тарта адамды құрап отыр әрі бұл көрсеткіш жылдан жылға артып келеді. Азық-түлік қауіпсіздігі бүгінгі таңда әлем елдерінің стратегиялық басымдық беретін салаға айналған.

Ұқсас жаңалықтарды қарай отырыңыз:

«Ширек ғасырдан кейін азық-түлік тапшылығы орын алады» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/shirek-gasyrdan-keiin-azyq-tulik-tapshylygy-oryn-alady-481#gsc.tab=0);

«Түркия жылына 36 млрд доллар шығын әкелетін шектен тыс ысырапшылдықпен қалай күресерін білмей отыр» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/turkiya-jylyna-36-mlrd-dollar-shygyn-akeletin-shekten-tys-ysyrapshyldyqpen-qalai-kureserin-bilmei-otyr-12277/#gsc.tab=0);

«Әлемде тағамның үштен бірі қоқысқа тасталады немесе ысырапшылдықтың себептері мен салдары» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/arturli/alemde-tagamnyn-ushten-biri-qoqysqa-tastalady-nemese-ysyrapshyldyqtyn-sebepteri-men-saldary-9296#gsc.tab=0).

0 пікір
Мұрағат