Жыл сайын Ираннан 36 елге 2 миллион литр раушан суы экспортталады
Жыл сайын Ираннан 36 елге 2 миллион литр раушан суы экспортталады
7 ай бұрын 721 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Иранның ауыл шаруашылығы министрлігінің ұлттық дәрілік өсімдіктер жобасының жетекшісі жыл сайын үш компания әлемнің 36 еліне 2 миллион литр раушан суын экспорттайтынын атап өтті. Бұл жайында islam.kz порталы irna.ir ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бейсенбі күні Делижандық Хұсейн Зейнәлі бесінші Хауе раушан фестивалінде Иранның раушан суын экспорттауда әлемде бірінші орында тұрғанын мәлімдеді. Осылай деген ол ел аумағында раушан егістігі 31 мың гектарды құрайтынын, жыл сайын одан 68 мың тонна өнім өндірілетінін жария етті. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұлттық дәрілік өсімдік жобасының жетекшісі биылғы жылы раушан майының экспорттық шамасы 3200 литрді құрап, бұл салада да ирандықтардың әлемде бірінші орында тұрғанын паш етті. Ол Дамаск раушанын осынау гүлдің ең сапалы түріне жататынын және раушанның ең маңызды қасиеттерінің бірі – адам жүйкесіне шипалы екенін атап өтті. 

0 пікір
Мұрағат