Жыл сайын аптап ыстықтан 90 мыңдай еуропалық қаза табады
Жыл сайын аптап ыстықтан 90 мыңдай еуропалық қаза табады
2 жыл бұрын 1247 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Климат өзгерісінен еуропалықтар безгек және қанды безгегі сияқты жұқпалы ауруларға ұшырайды. Бұл жайында islam.kz порталы DailySabah ақпарат көзіне сілтеме жасай отрып мәлім етеді. Еуропалық қоршаған ортаны қорғау агенттігі (EEA) шұғыл шара қолданылмаса, аптап ыстық толқыны ғасырдың соңына қарай жыл сайын 90 000 еуропалықтың түбіне жетуі мүмкін екенін айтты. «Бейімделу шаралары қабылданбаса және 2100 жылға қарай Цельсия бойынша 3 градус (Фаренгейт бойынша 5,4 градус) жаһандық жылыну сценарийі орын алған жағдайда жыл сайын 90 000 еуропалық аптап ыстықтан өлуі мүмкін», - деп айтылған бұл тараптағы баяндамада. Сонымен қатар, сарапшылардың пікірінше, жаһандық жылыну Цельсия бойынша 1,5 градусқа көтерілсе, бұл көрсеткіш жыл сайын 30 000-ға жетпек. Сақтандыру компанияларының мәліметі бойынша 1980-2020 жылдар аралығында 129 мыңға жуық еуропалық қатты ыстықтан көз жұмған.

Ұқсас материалдар:

«Планетаның басқа бөліктеріне қарағанда 2,5 есе жылдам жылынып жатқан құрлық аталды» (https://islam.kz/kk/news/alem/planetanyn-basqa-bolikterine-qaraganda-25-ese-jyldam-jylynyp-jatqan-qurlyq-ataldy-17651/#gsc.tab=0);

«Еуропа елдері жаһандық проблема бойынша келісімге келді» (https://islam.kz/kk/news/alem/europa-elderi-jahandyq-problema-boiynsha-kelisimge-keldi-17645/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат