Жыл сайын әлемде қанша адам обыр дертіне шалдығады
Жыл сайын әлемде қанша адам обыр дертіне шалдығады
2 жыл бұрын 1591 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жыл сайын күллі әлем бойынша 19,5 млн адам онкологиялық дертке шалдығады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген мәліметке жөн сілтеген Anadolu Ajansi ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соның ішінде қатерлі ісіктің ең кеңінен тараған түрлеріне келсек, сүт безі бірінші орында тұр – бір млн адамға шаққанда 2,3 пайыз; екінші орыннан өкпе обыры көрінген – 2,2 пайыз; ал үшінші орынға тоқ және аш ішек қатерлі ісігі жайғасқан – 1,9 пайыз; төртінше орынға простатит (қуықасты безінің қабынуы) табан тіреген – 1,4 пайыз; бесінші орында тері обыры тұр – 1,2 пайыз; содан кейінгі орын – асқазан (1,1 пайыз). Ал елдер бойынша онкологиялық ауралар реитингісінде Австралия көш бастаған – 452,4 (100 мың адамға шаққанда); Жаңа Зеландия – 422,9; Ирландия – 372,8; АҚШ – 362,2; Дания – 351,1; Нидерланды – 349,6. Ал «Хабар 24» ақпарат көзінің дерегінге, елімізде былтыр 39 мың адам қатерлі ісік дерті бойынша тіркелген. Жалпы есеп бойынша елімізде бүгінде 200 мың адам онкологиялық дерттен зардап шегеді.

0 пікір
Мұрағат