|
Жұрттан жинаған жұмыртқалармен тауық фермасын ашыпты
|
Түркияның Бартын ауданының тұрғыны, жас кәсіпкер өзі тұратын қала мен оның айналасындағы ауылдарды жеке-жеке аралап шығып жинаған жұмыртқалардан 6 мың балапан шығарып, тауық фермасын құрды. Бұл туралы ақпаратты Түркияның Анадолы агенттігі хабарлады.
Аталған ауданның Арыт ауылында дүниеге келген Мұхаммед Кұсшы есімді жас жігіт орта мектепті тәмамдағаннан соң күнкөріс қамымен Ыстамбұл қаласына барады. Мегаполистің ресторандарының бірінде даяшы болып жұмыс жасағанымен, оның тұрмысы жақсарып кете қоймайды. Сонан соң туған ауылына қайта оралып, мал шаруашылығымен айналысуға бел буады.
Алдымен нарықты зерттеген жас кәсіпкер осыдан екі жыл бұрын Ауыл шаруашылығы министрлігінің арнайы қолдау бағдарламасы аясында 17 мың шаршы метр ауданды алатын алқапта тауық фермасын ашады. Көрші ауылдардан жинап әкелген жұмыртқаларынан 6 мың балапан шығарады. Табиғи түрде шығарылған балапандары өсіп жетілген Мұхаммед Құсшы қазір тәулігіне 5 мың жұмыртқа алады екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар бір донор жасушасынан тыныс алуға қабілетті адам өкпесін жасады (видео)
■
Биылдан бастап созылмалы ауруы бар адамдар қажылыққа жіберілмейді
■
Араб елі балаларына қарап отырған аналарға алыстан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін саясатты жүргізеді
■
Рамазан айының соңғы он күнін Сауд Арабиясында өткізгісі келетіндер алдын ала тіркелуі тиіс
■
Пакеттер мен тауар қаптамаларында Алланың 99 есімін жазуға (басуға) тыйым салынады