Жұқпалы індетке қарсы екпе алмағандар қажылыққа жіберілмейді
Жұқпалы індетке қарсы екпе алмағандар қажылыққа жіберілмейді
4 жыл бұрын 3885 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Қасиетті сапарға аттанғысы келетіндер COVID-19 жұқпалы індетіне қарсы екпе алмаса, қажылығын өтей алмайды. Дәлірегі, тәжді тажал вирусына қарсы екпе алғанын куәландыратын құжатқа ие болу киелі Мекке мен Мәдинаға кірудің шартына айналмақ. Бұл жайында islam.kz сайты өз кезегінде «Грозный-информ» ақпарат көзіне жөн сілтеген islamnews.ru порталына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы орайда аталған ел аумағында жұқпалы індеттің өршуіне байланысты ақпан айының 4-і күні ел билігі адам көп жиналатын кез келген бұқаралық іс-шараларға (той-томалақ, т.б.) қатаң тыйым салғанын айта кетпекпіз. Бұдан бөлек, естеріңізде болса, осыдан аттай бір ай бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында "Короновирусқа қарсы екпені насихаттау имамдарға жүктеледі" (сілтемесіhttps://islam.kz/kk/news/alem/koronovirusqa-qarsy-ekpeni-nasihattau-imamdarga-jukteledi-14604/#gsc.tab=0) деген атпен берілген материалымызда Саудия билігінің екпені мешіттерде уағыздауға, дәлірегі, насихаттауға имамдарға пәрмен бергені турасында айтып өткенбіз.

ҚМДБ-ның короновирусқа қарсы екпе салуға қатысты мәлімдемесі

Құрметті отандастар!

Ислам дінінде адамның өмірі мен денсаулығынан асқан құндылық жоқ. Сондықтан әрбір адам өз денсаулығына аса мән беруі қажет.

Алла Тағала «Бақара» сүресінің 195-аятында: «Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар», – деп бұйырған.

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Емделіңдер, расында Алла әрбір дертті шипасымен қоса жаратты», – деген.

Дана халқымыз: «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», – деген. Сол үшін кез келген адам емделудің және аурудың алдын алу жолдарын қарастыруы тиіс.

Арнайы медицина мамандары қазіргі таңда әлемге қауіп төндірген коронавирус індетінің алдын алу үшін вакцинациялаудың адам денсаулығын сақтап қалудың қауіпсіз және тиімді әдіс екенін айтуда.

Ал шариғат бойынша зәру жағдайда екпе салуға болады. Алайда, екпе салдыру – әр азаматтың өз еркі.

Алла Тағала халқымызды жұқпалы індеттен сақтап, науқас жандарға шипа нәсіп етсін!

0 пікір
Мұрағат