Жұмыс істейтін қарттардың қарасы көп елдер белгілі болды
|
Даму және экономикалық ынтымақтастық ұйымы жасы 65-тен асып кетсе де жұмыс істеп жүрген қарттары көп елдердің тізімін жария етті. Аталмыш тізімді Ирландия бастаған - 56,3 пайыз, яғни, халқының жартысынан аса 65-69 жастағы қарттар жасына қарамай жұмыс істеп жүр. Екінші орыннан Индонезия (50,6 пайыз) көрінген. Ал үшінші орынға Оңтүстік Корея табан тіреген – 45 пайыз, одан кейінгі орынға Жапония жайғасқан - 42,8 пайыз. Алғашқы ондықта Чили (39,9 пайыз), Израил (39,3 пайыз), Мексика (38,6 пайыз), Қытай 36 пайыз) және Үндістан – 35,8 пайыз. Ал осыған керісінше көрсеткішке келсек, яғни, жұмыс істейтін қарттары аз елдер арасында Люксембург көш бастаған. Бұл елде жасы 65-тен асқан адамнан жұмыс істеп жүрген жан жоқ. Екінші орында Бельгия – 4,7 пайыз, Венгрия (5,3 пайыз), Словения (5,2), Словакия (5,6). Жасы 65-тен асқан соң да жұмыс істеуін тоқтатпаған қарттар қарасы көп елдердің мәдениеті мен жергілікті өмір сүру салтығ заңдары олардың еңбек етуіне итермелеуі мүмкін. Алайда, кейбір еуропалық елдерде зейнетке шыққан қарттарға жұмыс істеуге тыйым салынған. Егер тыйымды елемесе, айыппұл арқалайды. Ал азиялық елдердің көбісінде зейнет жасын ұзартуды қалайтындар қарасы көп. Мәселен, күншығыс елінде 2025 жылға қарай зейнетке шығу жасы 65-ке көтерілуі мүмкін.