Жолды қасақана жапқандарды қағып өтуге рұқсат ететін заң қабылданды
Жолды қасақана жапқандарды қағып өтуге рұқсат ететін заң қабылданды
4 жыл бұрын 2340 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

АҚШ-тың Флорида штатының губернаторы Рон Десантис жаппай тәртіпсіздікпен күрес туралы заңға қолын қойды. HB1 деп аталатын аталмыш заңда наразылық шеруі кезінде көлік жүргізушінің жолын қасақана бөгегендерді қағып өте беруіне рұқсат ететін азаматтық иммунитет қарастырылған. Бұл жайында islam.kz порталы Insider ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған заңда үш немесе одан да көп адамдардың жиналуын әрі олардың өзгелерге дене жарақатын салуға немесе өзгенің дүние-мүлкіне залал келтіруге апаратын агрессиялық әрекетін қоғамдық тыныштық пен қауіпсіздікті бұзатын жаппай тәртіпсіздік деп таниды. Бұдан бөлек, күштік құрылымдарға қарсы әрекетке барғандарға салынатын айыппұл мөлшерін арттыру көзделген. Десе де түрлі қоғамдық қозғалыстардың жетекшілері HB1 заңын репрессиялық шаралары үшін қатаң сынға алып жатыр.

0 пікір
Мұрағат