Жойқын цунами 130 млн адамның түбіне жетуі мүмкін (видео)
Жойқын цунами 130 млн адамның түбіне жетуі мүмкін (видео)
10 жыл бұрын 6612

Енді бір он бес жылдан кейін сағатына 600 шақырымға жылжитын, биіктігі 20 метрге жететін алып толқын шығыстан төніп, 130 млн адамның өмірін жалмауы мүмкін. Жапония, АҚШ және Ресей ғалымдары осындай тұжырымға келіп отыр. Бұл жайында RSUTE ақпарат көзі хабар таратты. Аталған үш ел ғалымдары 2030 жылы орын алуы мүмкін осынау табиғи апатты Күншығыс елінде болуы ықтимал 9 балдық зілзаламен байланыстырып отыр. Нақтырақ айтқанда, осы жер сілкінісі жойқын цунами тудырады. Ғалымдардың айтуынша, бұл табиғи апаттан ең әуелі Жапония мен Тайланд тұрғындары зардап шегеді. Қысқаша қайырсақ, үстіміздегі жылдың шілде айының орта шенінде жапондардың Кюсю оңтүстік аралында, дәлірегі, Ойто префектурасында 5,7 балдық зілзала болып, үш адам опат болды. Ал 2011 жылдың наурыз айында Күншығыс елінің солтүстік-шығысында тағы жер сілкініп, «Фукусима-1» атом электр стансасында апат орын алды. Ол кезде биіктігі 14 метрге жететін алып толқын төнген еді. Осы цунамидің кесірінен апатқа ұшыраған аталмыш АЭС-тің зиянды салдарын жою үшін әлі 40 жыл керек екен. Апаттың нәтижесінде 16 мыңға жуық адам опат болды. 2,5 мыңға тарта адам хабар-ошарсыз кеткен. Осыдан төрт-бес күн бұрын орын алған селден, яғни, тайфуннан бес адам қаза тауып, жиырма адам із-түзсіз кеткен.

0 пікір
Мұрағат