Жоғары жалақы алып келгені үшін 4 банктің басшыларын қызметінен қуды
Жоғары жалақы алып келгені үшін 4 банктің басшыларын қызметінен қуды
8 жыл бұрын 2207

Иранда аса ірі төрт банктің басшылары жоғары жалақы алып келгені үшін ел президенті Хасан Руханидің тікелей пәрменімен қызметінен қуылды. Қаржы мекемелерінің (Refah, Mehr, Iran Saderat, Mellat) басшыларының қанша жалақы алатыны ғаламторда жарияланғаннан кейін орын алған жағдай бұл. Абыройдан жұрдай болып қызметінен қуылған банк басшыларының жалақы мөлшері, масқара болғанда, ирандықтардың орташа еңбекақысынан бірнеше ондаған есе асып түскен. Бұған қоса, олар ұдайы аса ірі мөлшерде бонустар, пайызсыз несиелер алып тұрған және салықтық жеңілдіктерді молынан пайдаланған. Аятолла Али Хаменей министрлер кабинетінде компания басшыларының аса ірі көлемде жалақы алуын ұлт мүддесі мен мемлекет саясатына қайшы келетінін мәлімдегеннен кейін Хасан Рухани  осындай пәрмен берген болатын. Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір ай бұрын мемлекеттік сақтандыру компаниясының жетекшісі де осындай себеппен қызмеьінен шеттетілген болатын. Ол ай сайын 28 мың долларды қалтасына басып отырған. 

0 пікір
Мұрағат