Жоғарғы сот мұсылмандарды аңдуды заңды деп тапты
Жоғарғы сот мұсылмандарды аңдуды заңды деп тапты
8 жыл бұрын 2365

Тиісті орындарға шағым түсіргендер (жеке басының өміріне қол сұғу бойынша) 880 000 доллар өтемақы алғанымен Жапония билігі «терроризмнің алдын алу» желеуімен елдегі мұсылмандардың ізін бағып, аңдуын тоқтатар емес. Ол ол ма, күншығыс елінің жоғарғы соты биліктің бұл әрекетін заңды деп тауып, қаулы қабылдады. Бұл жайында «Lenta.ru» ақпарат көзі хабар таратты. Тарқатып айтқанда, 200 жылы осы елдегі мұсылмандардың ір басқан ізін аңдығанын айғақтайтын 100-ден аса досьенің әшкере болғаны бар. Жазбалар Токио мегаполисіндегі ғибадат ғимараттарынан, шариғат талаптарына сай өндірілген тауарлар сатылатын сауда орындарынан, ислами ұйымдардың кеңселерінен жүргізілген. Файл алмасу сайттары арқылы талай ақпаратты әлемнің 20 елінен он мыңнан аса ғаламтор пайдаланушысы жүктеп алған. Осыдан кейін арасында негізінен Таяу Шығыстан келгендер қарасы көп 17 мұсылман жапон билігін өздерінің конституциялық құқығын бұзғаны үшін сотқа берген болатын. Нәтижесінде шағымданушылар өтемақыларын алды. Алайда, жоғарғы сот мқсылмандарды аңдуға тыйым салмады. 2010 жылғы мәлімет бойынша Жапонияда 185 мыңға тарта мұсылман бар. Қазіргі уақытта күншығыс елінде 40-қа жуық мешіт жұмыс істейді.

0 пікір
Мұрағат